Табиғи өнімді таңда

Антибиотиктерсіз және
бояғыштарсыз

КОМПАНИЯ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

архив новостей

Неге біздің өнім?

Жаңа. Сапалы. Пайдалы.

Alsad Kazakhstan – жұмыртқа өндірумен және сатумен айналысатын Қазақстанның ірі компанияларының бірі. Біздің ең басты бәсекеге қабілетті ерекшелігіміз – қолжетімді бағаға сатылатын жоғары сапалы және экологиялық таза өніміміз. Біздің өнім 2014 жылы The World Food Prize марапатына, 2013 жылы Қазақстанда өткен «Жыл таңдауы» байқауында арнайы жүлдеге ие болып, сондай-ақ «Таңдаулы» жұмыртқасы үшін «Үздік өнім - World Food Kazakhstan 2013» сапа дипломымен марпатталды.

Жұмыртқа басатын тауықтарымыз үй құсының ағзасына қажетті микроэлементтермен және дәрумендермен байытылған табиғи жеммен қоректенеді. Құстарымыз үшін ферманың аумағында орналасқан жер астынан атқылап жатқан таза артезиан  суын пайдаланамыз.

Зертханалық талдаулар Alsad Kazakhstan жұмыртқалары қарапайым жұмыртқалармен салыстырғанда сапалы екенін растады. Оның құрамындағы омега-3 майы бірнеше есеге, Е дәрумені 8 есеге, көп қанықпаған майлар 2 еседей көп екені ғылыми дәлелденген.

Құс фермасының басым бөлігі еуропалық үлгідегі алдыңғы қатарлы құрылғылармен жабдықталған. Өнімді алаңқайларға бөліп, қызметкерді тек қана бір өндіріс бөлімшесіне жауапты етудің және әрбір бөлімшеге жіті санитарлық бақылау жүргізудің арқасында фабрикадағы құстарға жоғары деңгейде күтім жасалады.

Сонымен бірге, кәсіпорында жұмыртқаны өндіру мен сақтаудың барлық кезеңдерінде сапаны бақылаудың қатаң жүйесі сақталған.

Сол себепті біз өз өнімдерімізді мақтан тұтамыз және әрбір отбасына күнделікті тұтынуға ұсынамыз! 

Компания туралы толығырақ Миссия және стратегия

ALSAD артықшылықтары

Скачать
презентацию

  • Компания миссиясы
  • Біз – аса ірі өнім өндірушіміз