Біздің компания

Alsad Kazakhstan – Alsad сауда белгісімен шығатын тауық жұмыртқасын өндірумен және сатумен айналысатын Қазақстандағы ірі, алдыңғы қатарлы заманауи кәсіпорын. Оның негізі 2012 жылы «Алтын Ай» компаниясының базасында қаланған.

Alsad Kazakhstan  компаниясының тарихы 2008 жылы Al Falah инфестициялық қорын құрудан басталады. Оны құру туралы шешім 2007 жылдың 11 қарашасында Қазақстан Республикасы Президентінің БАӘ-ге сапары кезінде Елбасының көзінше қабылданған. Сапар барысында Абу-Даби инвестициялық аппараты, сондай-ақ БАӘ-нің басқа да инвестициялық ұйымдары мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты дамыту туралы келісімге қол жеткізіледі. Қазіргі уақытта инвестициялық қор екі компанияның қарауында. Олардың бірі – IPIC (International Petroleum Investment Company), екіншісі – Kazyna Capital Management. Инвестициялық қордың портфелінде бірнеше жоба болса, соның ең ірісі және ауылшаруашылық саласындағы алдыңғы қатарлысы – Alsad Kazakhstan компаниясы.

2012 жылы  Қор екінші деңгейлі банктердің бірінен болашағы жоқ деп есептелген жобаны соңғы бірнеше жылдағы банктің және несиешілердің алдындағы берешегін өтеп  сатып алды. Сондай-ақ инвестицияның есебінен алдыңғы қатарлы технологияны пайдалана отырып, жаңа еуропалық құрылғылармен құс фабрикасын жасақтады. Кәсіпорын қор үшін үкіметаралық қордың алғашқы жобасы болғандықтан ғана емес, сонымен бірге инвестициясы үлкен тәуекелді қажет ететін ауылшаруашылық саласында жүзеге асқандықтан жоғары маңызға ие.  

Компаниямыздың бәсекеге қабілетті негізгі ерекшелігі – құс фарбикасының Алматы облысы Қарасай ауданындағы экологиялық таза аймақта орналасқандығы, сапалы дайын өнім алу үшін ең үздік жемді пайдалануы, әлемге танымал, өнім өндіруде тәжірибесі мол білікті мамандарды жұмысқа тартуы, тек қана жоғары технолгиялық және үздік құрал-жабдықтарды пайдалануы, сондай-ақ компанияны еуропалық тәжірибемен басқаруы. 

Alsad Kazakhstan компаниясы өнімінің сапасы көптеген сертификаттармен, соның ішінде ЭКО, ISO сертификаттарымен мойындалған әрі расталған. Компания экологиялық таза өнім өндіру және сату Реестріне тіркелген, ЭКО куәлігі бар. Экологиялық таза өнім өндірудің барлық циклі «Экологиялық таза өнім өндіру, сату және бақылауды жүзеге асыру» Ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.

Сонымен бірге,  Alsad Kazakhstan тағамдық тауық жұмыртқасын өндіру мен өткізу  «ҚР СТ ИСО 2000-2006 Тағамдық өнімдердің қауіпсіздік менеджмент жүйесі» талаптарына сәйкес келеді. Сәйкестік сертификаты Қазақстан Республикасының техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесі Мемлекеттік Реестрінде тіркелген.

Бүгінде құс фабрикасы шіби тауықтарға арналған 4 күркеден және мекиен тауықтарға арналған 12 күркеден тұрады. Ол тіршілік етудің үздіксіз процесін қамтамасыз ететін қажетті механизмдермен және машиналармен қамтамасыз етілген. Қазіргі таңда компанияда 200 адам қызметі етеді. Олардың басым бөлігі – Алматы облысының Мерей ауылының тұрңындары. Компания қызметкерлердің біліктілігін үнемі арттырып отырады, оларды, әсіресе, шетелдерге жіберіп оқытады. Барлық жұмысшылар әлеуметтік қорғалған және компанияда еңбек етуге барлық жағдай жасалған.

Оның үстіне, Alsad Kazakhstan компаниясы – адал салық төлеуші.

Компания өзінің алғашқы өнімін 2013 жылдың наурыз айында алды. Құс фабрикасы бірнеше жыл бойы жылына 165 млн жұмыртқа өндіріп, алғашқы қуаттылығын екі еседен көп мөлшерге арттырып келді және Қазақстанда алғаш болып шетелдерге өнім экспорттады. Қазіргі уақытта  ОАӘ, Ауғанстан, Ресей, Тәжікстан және Қырғызстан елдеріне жұмыртқа экспортталады.

Alsad Kazakhstan нарықта жұмыс істеген жылдары ішінде өзінің сапалы өнім өндіретін, тұтынушылар сенетін компания екенін дәлелдеді. Оны тауарымызға деген сұраныстың жыл өткен сайын артып келе жатқанынан байқауға болады. 

Сату бөлімімен байланыс: +7 701 951 88 78; +7 (727) 2  323 872, вн.124. info@alsad.kz