Alsad Kazakhstan дегеніміз - Alsad сауда маркасымен тауық жұмыртқасын өндіру және сату жөніндегі заманауи озық кәсіпорын. Ол 2012 жылғы қыркүйекте Алтын Ай компаниясының негізінде құрылған. Бүгінгі күні сан тілімен айтатын болсақ, Alsad компаниясы голландиялық Hy-Line тұқымды 624 000 мекиен тауығына иелік ететін, ең жоғарғы еңбек өнімділігі күніне 550 000 жұмыртқаны құрайтын және өнімділігі 97% деңгейіндегі компанияға айналып отыр.
Біздің компанияның негізгі бәсекелестік артықшылықтары - құс фабрикасының Алматы облысының экологиялық таза Қарасай ауданында орналасқан аса ірі аумағы, тамаша дайын өнім алу үшін ең үздік жем пайдалану, әлемге аты әйгілі және өндірістік еңбек өтілі 40 жылдан асқан тәжірибелі және үздік мамандарды тарту, тек жоғары технологиялы және үздік құрал-жабдықты ғана пайдалану, сондай-ақ еуропалық басқару тәжірибесі болып табылады.
Біздің құс фабрикамыз балапандарға арналған 4 құс қорадан және мекиен тауықтарға арналған 12 құс қорадан тұрады. Өсіру үшін дүниежүзіндегі ең сақталуы жоғары, барынша тиімді мекиен тауыққа жататын Ну-Line айқасымы пайдаланылады.
Мүліктік кешенге құс балапандарын өсіруге арналған жалпы қуаттылығы 240 000 бас құсты құрайтын 4 корпус және жалпы қуаттылығы 650 000 бас құсты құрайтын мекиен тауықтарды ұстауға арналған 12 корпус қамтылады. Құс фабрикасы үздіксіз тіршілік үдерісін қамтамасыз етуге қажетті механизмдермен және машиналармен толық жабдықталған. Штат кәсіби білікті, оқытылған қызметкерлерден жасақталған. Шамамен 120 адам жұмысқа қамтылды, соның арқасында 120 отбасы тұрақты әрі жоғары жалақы алатын болды. Қызметкерлердің барлығы әлеуметтік жағынан қорғалған және еңбек ету үшін қажетті жағдайлардың барлығы олар үшін жасалған. Сонымен бірге Alsad Kazakhstan компаниясы адал салық төлеуші болып табылады, бұл облыстық әкімдіктің кірісіне оң ықпалын тигізуде.
Жоғарыда атап өткеніміздей, Alsad Kazakhstan компаниясы Alsad брендімен өз қызметін 2012 жылғы қыркүйекте бастады. Бірінші өнімді біз наурызда алып үлгердік. Өткен жыл ішінде сатылымдар географиясы біршама ұлғайды. Бүгін біз Алматы қаласын және бүкіл Алматы облысын, Жамбыл және Қарағанды қалаларын қамтып отырмыз. Компанияның жақын уақытқа арнаған жоспары – бүкіл Қазақстан көлемін бәсекеге қабілетті және сапалы өніммен қамтамасыз ету, одан әрі Республика аумағынан тысқары жерлерге де экспорттау болып табылады. Дилерлердің, ең бастысы тұтынушылардың сөзіне жүгінсек, Alsad Kazakhstan компаниясы тауық жұмыртқасының сапасы бойынша еліміздегі үздіктердің бірі болып табылады. Бұл жерде дәмдік сапасы, химиялық талдаулары, сары уыз түсі, қабықтың қалыңдығы және сыртқы түрі секілді критерийлер ескеріледі. Ал бұл ең тамаша мақтау және одан әрі жұмыс істеу үшін керемет ынталандыру болып табылатыны сөзсіз.
Alsad Kazakhstan компаниясының философиясы тұтынушыларға және қызметкерлерге қатысты үздік стандарттарды ұстануға саяды. Жұмысты тамаша қарқынмен бастай отырып, біз сапаны одан әрі арттыра түсуді, еліміздің азаматтарын ең үздік әрі пайдалы өніммен қамтамасыз етуді мақсат тұтып отырмыз!