Жаңа дизайн Alsad Kazakhstan жұмыртқалары санаттарының үш түрін ұсынады. Олар сарғыш, көк және жасыл түстермен бір-бірінен ерекшеленеді. Әр санаттың түстік ерекшеліктері сатып алушыларымыздың өнімді таңдау машақатын мейлінше жеңілдетеді.
Жұмыртқалардың 1 санаты (55-60 грамм) сарғыш түсті қаптамаға, «сұрыпталған жұмыртқа» (60-65 грамм) – көк түсті және «классикалық жұмыртқа (65-70 грамм) – жасыл түсті қаптамаға салынған.
Айта кетейік, біздің жаңа қаптамалар жоғары сапалы, қалыпталған қағаз талшықтардан жасалған және заманауи стандарттардың барлығына сәйкес келеді. Бұл тауық жұмыртқасы сынды нәзік өнімді сақтаудың ең үздік тәсілі, ыңғайлы қаптама жұмыртқаның сақталу мерзімін ұзартып, сапасын ұстап тұруға көмектеседі. Қағаз талшықтардың микротесіктері желдің айналымын үйлестіреді, яғни, жұмыртқа «демалады». Мұндай қаптама – сыртқы соққы мен пішіннің өзгеруінен таптырмас қорғаныс, қаптама қысылған уақытта майысады да, вибрация жойылады. Қаптаманың қақпағы тығыз жабылған және тасымалдаған уақытта жұмыртқаның қорғанысы қызметін атқарады.
Қағаз талшықтан жасалған қаптама толықтай табиғи өнім – екінші сұрыптағы шикізаттың 100% өңделімі. Толтырылған ресурс сүректі үнемдеуге көмектеседі – материалды 100 пайызға дейін қаптама өндіруге қайтадан қолдануға болады.