Миссия 

Компаниямыздың миссиясы – Қазақстандағы жұмыртқа және тауық етін өндіретін ең үздік, бәсекеге қабілетті кәсіпорын атану, еліміздегі және шетелдердегі тұтынушыларды пайдалы, жоғары сапалы өніммен қамтамасыз ету, сондай-ақ тауық еті мен жұмыртқаны адамның күнделікті рационындағы таптырмайтын ерекше пайдалы элемент ретінде пайдалану мәдениетін қалыптастыру.

Біз тұтынушыларымыз бен қызметкерлерімізге қатысты ең үздік стандарттарды ұстанамыз. Қызметі сәтті басталған компаниямыз алдағы уақытта да өнімінің сапасын арттырып, азаматтарды ең үздік, ең пайдалы өніммен қамтамасыз етуді жалғастыра береді.    

Cтратегия

Компанияның басты алғышарты – тауықтарды сапалы, табиғи жеммен өсіру, әлемдік тауар өндірушілердің жабдықтарын пайдалану және білікті кадрларға барлық жағдайды жасау.  

Мекиендердің жемі – сапалы және пайдалы жұмыртқа алудың ең бірінші және маңызды элементі. Құстарға жем беру жұмыртқаның тауарлық сапасы мен дәміне, құнарлылығына ерекше әсер етеді. Сондықтан біздің компания ең сапалы деген дәнді-дақылдарды, соның ішінде, бидай, жүгері және де сапасы жоғары өсімдік және жануарлар жемін қолданады. Олар – әлемдік нарықтың көшбасшысы, швед компаниясының FOSS азықтық экспрес-анализаторы сынды заманауи зертханалық құрылғылар арқылы тексерілген соя шроты, өсімдік майы, минералды, дәруменді және жемшөп қоспалары.

Команда – біз құс шаруашылығы және менеджмент саласындағы ең үздік мамандарды жинадық. Мәселен, фабрикада жұмыс істеу үшін Голландиядан белгілі маман Хендрик Де Иагерді арнайы шақырдық. Хендрик мырзаның аталған салада 45 жылдық тәжірибесі бар. Ол генетика, вакцинация, тауықтан жұмыртқа алу және бройлерлік бағыттағы бірегей маман.

 Біздің командамыздың құрамында, сонымен бірге, ғалым-зоотехник, тәжірибелі құс өсіруші Бузаева Вера Николаевна да бар. Ол «Алатау» мекиен жұмыртқасының тұқымын және «Медеу» үйрек тұқымын алуға атсалысып, Медеу тұқымы үшін КСРО ХШЖК марапатын алған.

Фабрика жұмысын ұйымдастыру мен тауарларымыздың биоқауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сонымен бірге, вакцинациясы саласындағы әлемге танымал маман Доктор  Plantema Vet Center (Нидерланды) шақырылды. Ол біздің құс фабрикасына арнайы келіп, ең үздік француз вакциналарын қолдана отырып, алдағы бірнеше жылға арнап вакцинация бағдарламасын жасап берді.

Құс фабрикасының барлық ғимараттары – инкубация цехі, шіби тауықтарға арналған күркелер, ветеринарлық блок, жем цехі, мекиен тауықтарға арналған күрке, жұмыртқа қоймасы - Big Dutchman, Sanovo, MOBA, Scafco, STAALKAT  INTERNATIONAL B.V. сынды әлем мойындаған өндірушілердің құрал-жабдықтарымен қамтылған. 

Біздің серіктестер