Компания миссиясы

Бірқатар азық-түліктік тауарлардың сапасын және жаңалығын көзбен қарап-ақ анықтауға болады. Құс фабрикаларының өнімі дүкен сөрелерінде әдетте тартымды көрінетіні құпия емес. Бұл ретте жұмыртқа өз сапасын тек үстел үстінде ғана паш етеді. Тұтынушы оның құндылығын дәмін татып көргеннен кейін ғана бағалау мүмкіндігіне ие. Компанияның негізгі миссиясы осы тұстан туындайды: бұл – бәсекеге қабілетті өнеркәсіптік кәсіпорын құру, Қазақстан азаматтарын расында да сапалы өніммен қамтамасыз ету, сондай-ақ әр адамның рационындағы алмастырылмайтын әрі пайдалы элемент ретінде тауық жұмыртқасын насихаттау болып табылады.

Cтратегия

Алға қойған мақсаттарды орындауға арналған біздің стратегиямыз үш құрамдас бөліктен тұрады: сапалы жем, үздік адами ресурс және әлемдік өнім өндірушілердің құрал-жабдықтары.

Сапалы әрі пайдалы жұмыртқа алу үшін қажетті ең бірінші әрі маңызды элемент   – мекиен тауықтардың жемі. Құсты жемдеу жұмыртқаның азықтық, дәмдік және тауарлық сапасына, әдетте, шешуші ықпалын тигізеді, сондықтан құстарды жемдеу үшін әлемдік нарықтағы көшбастаушы FOSS швед компаниясының жемдік экспресс-талдаушы құралы секілді заманауи зертханалық жабдықтарда тексерілген ең сапалы дәнді дақылдар пайдаланылады: бидай, жүгері, сондай-ақ сапасы жақсы өсімдік және жануар текті жемдер, яғни, соя шроты, өсімдік майы, минералды, дәруменді және жемдік қоспалар.

Командаға келсек – біз құс шаруашылығы және оның менеджменті саласындағы үздік мамандарды жинадық. Голландиядан әлемге танымал маман Хендрик Де Иагер шақырылды. 45 жылдық тәжірибесі бар Хендрик мырза генетика, вакцина егу, бройлер бағыты және  құс жұмыртқасын өндіру салаларындағы ең үздік маман болып табылады. Хендрик мырзамен бірге біздің командаға Медеу айқасымы үшін КСРО ХШЖК күміс марапатымен марапатталған, Алатау жұмыртқа беруші мекиен тауықтардың қазақстандық айқасымын және Медеу үйрек айқасымын дүниеге әкелуге атсалысқан танымал  зоотехник ғалым, танымал құс өсіруші В.Н. Бузаева да кіреді. Сондай-ақ вакцина егу саласындағы танымал мамандардың бірі Доктор Плантемді тартуымызды да біздің артықшылығымыз деп санаймыз. Ол біздің фабрикамызға тікелей келіп, француз вакциналарын пайдалана отырып, алдағы бірнеше жылға арнап вакцина екпесінің бағдарламасын жасап берді. 

Құс фабрикасы корпустарының барлығы – инкубациялау цехы, балапандарға арналған құс қорасы, ветеринарлық блок, жем цехы, мекиен тауықтарға арналған құс қорасы, жұмыртқа қоймасы – ең үздік құрал-жабдықпен жарақталған. Бүгінгі жағдаймен келесі әлемге танымал өнім өндірушілердің  құрал-жабдықтары бар: Big Dutchman, Sanovo, MOBA, Scafco, STAALKAT  INTERNATIONAL B.V.

Біздің серіктестер