Тауықтың жұмыртқасы қазіргі заманда адамның ең басты қоректік элементіне айналды, сол себепті стратегиялық азық-түліктердің түріне жатады. Alsad Kazakhstan компаниясы дені сау тауықтан алынатын өнімдерін мақтан тұтады. Фабрикадағы құстардың бәрі ешқандай антибиотиксіз және жасанды қоспасыз табиғи жемдермен қоректенеді. Ал оларды жоғары технологиялық құрал-жабдықтардың көмегімен күтіп-баптау ерекше сапалы жұмыртқа алуға жағдай жасайды.
Тағамдық жұмыртқалардың сапасына оның жаңалығы, тауарлық түрі, салмағы, тазалығы және қабығының бүтіндігі, саруызының түсі, ақуызының тығыздығы және қоректік құндылығы сияқты белгілері мен көрсеткіштеріне қарай баға беруге болады. Alsad Kazakhstan компаниясының жұмыртқалары аталған көрсеткіштердің барлығына жүз пайыз сәйкес келеді.
Сапалы тағамдық жұмыртқа – бағалы диеталық қоректік өнім. Оның құрамында адам ағзасына толықтай сіңетін (96-98%), жақсы үйлестірілген түрдегі барлық қоректік және билогиялық белсенді заттар бар. Тауықтың бір жұмыртқасы – құнарлылығы жағынан 40 г етке және 200 г сүтке тең. Ол ересек адамның ағзасындағы протеиннің, майдың және минералдық заттардың тәуліктік қажеттілігінің 4-5%-ын, негізгі дәрумендердің 10-30%-ын қамтамасыз етеді.
Alsad Kazakhstan компаниясының жұмыртқасының құрамында мейлінше көп дәрумендер жиынтығы, негізгі ауыстырылатын және ауыстырылмайтын амин қышқылдары, май қышқылдары бар.
Тауық жұмыртқасын күнделікті пайдалану – салауатты өмір салтын ұстанудың кепілі.
Біздің құс фабрикасының қуаттылығы айына 50 тонна тауық етін шығаруға мүмкіндік береді. Санымен айтар болсақ, ол тауықтың ішек-қарны тазартылған бүтін 50 000 тушасы. Бір туша, шамамен, 1 келі. Тауық тушасын шығару кезінде сонымен бірге жүрек, асқазан, табан, мойын, айдар, бас сияқты қосымша өнім түрлерін де аламыз.
Тауық еті – негізгі пайдалы тағамның бірі. Ол өте дәмді, пайдалы, құнарлылығы төмен, адам ағзасына оңай сіңетін ас. Тауық еті – жоғары сапалы ақуыздың, дәрумендердің, амин қышқылдарының, минералдардың көзі, кез келген ағзаның өсуіне және жұмыс істеуіне қажетті таптырмайтын материал, көптеген аурулардан сақтанудың негізі.
Мекиен тауықтардың еті – басқалардан арзан әрі тағамдық құндылығы жоғары аздаған өнімнің бірі. Бройлер-балапандардың етімен салыстырғанда, мекиендердің етін (оның негізгі міндеті – жұмыртқа басу) дайындауға ұзақ уақыт кетеді. Ал тағамдық құндылығы жағынан да, дәмдік сапасы жағынан да бройлерлік еттерден қалыспайды, тіпті диеталық қасиеттері жағынан олардан асып түседі. Тауықтың төс еті («ақ ет» деп те аталады) холестерині аздығы жағынан балықтан кейін екінші орында.
Тауық етінің құрамында, негізінен, В тобының дәрумендері басым, олар зат алмасу процестерінің барлық түрлеріне әсер етіп, көмірсу және май алмасу регуляциясына қатысады, орталық жүйке жүйесінің дұрыс қызмет етуіне, тері мен тырнақтың табиғи қалпын сақтауға көмектеседі, иммунитетті көтереді. Тауық етінің құрамында, сонымен бірге, көптеген минералдық заттар бар. Олар: тез қорытылатын темір, күкірт, фосфор, селен, кальций, магний және мырыш. Ал құрамындағы ақуыздың көптігінен тауық еті бұлшық етті өсіруге таптырмас материал ретінде танылған.