Жаңа көкжиектер

2013 жылдың басынан бері ауылшаруашылығындағы ЖІӨ көлемі 21 млрд. теңгелік межеден асты. Бұл 2012 жылғы осындай көрсеткіштен 2,5%-ға артық. Көлемнің басым бөлігі, 19,5 млрд. теңгесін мал шаруашылығы және құс шаруашылығы өнімі құрайды. Бизнестің бұл бағытына шетелдік кәсіпкерлер де қызығушылық танытуда. Мәселен, Қазына кэпитал менеджмент мемлекеттік қорының құрамына кіретін тікелей  инвестициялар қоры Алматы облысындағы құс фабрикасын модернизациялауға бірнеше ондаған миллион доллар жұмсады.

Сарапшылардың айтуынша, жұмыс барысында құс қоралары жөнделіп, құрал-жабдық іске қосылып, жоғары білікті кәсіби мамандар тартылды. Толық қуаттылығына қол жеткізген кезде кәсіпорын жылына 200 000 000 астам жұмыртқа өндіретін болады. Сондай-ақ инкубатордық жұмыртқалар мен балапандарды жеткізуге шетелдік компаниялармен бірқатар келісімдер жасалды. Бұған қоса өндірісте жүзден астам жұмыс орны құрылды, ал келесі жылы бос жұмыс орындарының саны екі жүзге жетпек. Жергілікті шаруа қожалықтарымен жем жеткізушілер ретінде шарттар бекітілді.